Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақтардың көмегімен бопсалауға күдікті екі жергілікті тұрғынды ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, ер адамдар одан 4 миллион теңге бопсалаған.
– Күдіктілер облыс орталығының 30 және 19 жастағы тұрғындары. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 194-бабына (Қорқытып алу) сәйкес жүргізіледі. ҚР ҚПК-нің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ.
Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.