Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер 16 киберқылмыстың бетін ашты

Ақтөбелік полицейлер “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 16 киберқылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында 20-23 қараша аралығында өткен “Hi-tech” ЖПІШ барысында ақтөбелік полицейлер 16 киберқылмысты ашты. Ақпаратты технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтықтарға қарсы күреске бағытталған шара барысында ашылған қылмыстардың 13-ін интернет алаяқтықтар құрайды. Олардың басым көпшілігі – онлайн сауда саласындағы алаяқтықтар мен тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырамын деп алдау фактілері.

Мысалы 29 жастағы ақтөбелік жігіт тендер өткізу сайтына кіріп, тендерді ұтушы азаматшаға хабарласып, оны қызықтыратын тауарды сататынын айтып алдап, ақшасын заңсыз иемденген. Осы факті бойынша тергеп-тексеру барысында күдіктінің осыған ұқсас 4 қылмысқа қатысының бар екені анықталды.

 Сонымен қатар “Hi-tech” ЖПІШ барысында азаматтардың шотынан ақшасын жасырын ұрлаудың – 1, порнографиялық материалдарды заңсыз таратудың – 1 және ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз пайдалану мен сатудың – 1 фактісі анықталды. Олардың бірінде 54 жастағы ақтөбелік әйел сауда дүңгіршегінде порнографиялық мазмұндағы дискілерді саудалаумен айналысса, бірінде 45 жастағы азамат OLX қосымшасы арқылы ақпаратты жасырын жазып алуға арналған техникалық құралдарды сатпақ болған. Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, заттай айғақтар тәркіленді.

Сондай-ақ шара барысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңға қайшы келетін 29 контент анықталып, бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру