Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік ұсталды

“Құқықтық тәртіп” кең ауқымды іс-шарасы барысында Ақтөбе полициясы көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетел азаматтары шоғырланған жерлерге назар аударылды: құрылыс нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, хостелдер және т.б.

Іс-шараның үш күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 27 шетелдік Өзбекстан және Тәжікстан республикаларының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматтары облыс аумағында заңсыз жүріп құрылыс нысандарында және асханада заңсыз жұмыс жасаған.

Соныме қатар полиция департаментінің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 12 шетел азаматы орналастырылды. Ақтөбе облысы полиция департаменті көші-қон қызметімен аталған шетелдіктер өз елдеріне қайтарылды.

Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдаған 8 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру