Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері аязды күні жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті

Павлодар облысының полицейлері аязды күні жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері Павлодар – Қызылорда тас жолында көктайғақ пен қатты аязда қалған жолаушыларға көмек көрсетті. Қырғыз Республикасының азаматтары еліміздің астанасынан көрші мемлекетке, Спутник ауылының маңында келе жатқанда, олардың көлігінің май құбыры жарылған.

– Ағам Ислам екеуміз Қырғызстаннан шығып, Ресейге бет алдық. Жол бойында минус 30 градус аязда көлігіміздің құбыры жарылды. Сағат 02:30 болған кез, жақын жерде ешкім болмай, өтіп бара жатқан көліктер тоқтамады. Көлігімізді өзіміз жөндей алмадық, себебі құрал-сайманымыз болмады. Осы уақытта бізге трассаны күзетіп жүрген Бағадат пен Тілеген атты полиция қызметкерлері келді. Бізді көріп, олар ойланбастан көмек ұсынды. Оқиға туралы сұрағаннан кейін полицейлер бізді Атамекен кентінің жылыту пунктіне апарды, ал өздері автокөлікті жөндеуге кірісті, – дейді жүргізуші Ибрагимов Абдушкур.

– Көшеде қатты аяз болды, қар жауып, қатты жел соғып тұрды. Бірақ соған қарамастан тәртіп сақшылары бізге қиын жағдайда көмектесті. Егер олар болмаса, бізбен не болуы мүмкін екенін елестетуден қорқамын. Біздің әлемде қиын сәтте көмекке келуге дайын адамдар бар екенін түсіну өте жақсы. Полицейлерге үлкен рақмет- дейді ризашылық білдірген саяхатшы.

Полиция қызметкерлері Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері болды: қызмет аға инспекторы полиция капитаны Сауытов Бағадат және қызмет инспекторы полиция капитаны Сыздықов Тілеген.

Сонымен қатар Павлодар полицейлері Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарын ауа-райының қолайсыздығында тас жолға шықпауға, сондай-ақ автокөлікте көлік құралына қажетті барлық құралдардың болуын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру