Астаналық полицейлер дүкен сатушысының телефонын қолды қылған күдіктіні ұстады
Астаналық полицейлер дүкен сатушысының телефонын қолды қылған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сатушы дүкен сөресінен телефон ұрланғаны туралы тәртіп сақшыларына хабар беріп, жүгінген. Мән-жайды анықтауға жұмылған елордалық полиция департаменті жедел-іздестіру басқармасының қызметкерлері дүкен сатушысынан құны 850 мың теңге тұратын Iphone-15 маркалы ұялы телефонның ұрланғанын анықтаған.
Бейнекамераларды қарап шыққаннан кейін қызметкерлер ұрлыққа қатысы бар адамның ізіне түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олар 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Ер адам дүкенге кіріп, сатушының жоқ екенін байқап, телефонды алып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұрланған телефонды күдікті сауда орнына апарып сатып жібергені белгілі болған.