Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері есірткі сатушыны қолға түсірді

Астана полицейлері есірткі сатушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада есірткі сақтау және сатумен айналысқан адамды құрықтау мақсатында арнайы операция жүргізді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Оның саяжайдағы тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу кезінде құрамында ерекше иісі бар сұр-жасыл зат, болжам бойынша гашиш салынған екі пакет табылған. Тәркіленген заттың салмағы – 46,4 грамм.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған күдікті қамауға алынды. Қылмыс жасағаны үшін есірткі сатушының мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру