Алматыда интернет-алаяқтықтың саны азайды
Алматыда интернет-алаяқтықтың саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Статистика көрсеткендей, Алматыда интернет-алаяқтық азайды: азаматтар қырағы, сақ және ең танымал ақша ұрлау тізбектерінен хабардар.
Алматы полициясы профилактикаға үлкен мән береді. Әрбір адам өзінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігін білуі және оны құрметтеуі маңызды. Қалада алаяқтардың қалай әрекет ететіні туралы ақпараттық парақшалар мен анимациялық роликтердің бірнеше нұсқасы әзірленді. Бұл, қоғамды қаскүнемдерден қорғаудың және интернеттегі алаяқтардың алдын алудың тиімді жолы.
Полицейлерден пайдалы кеңес: күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, банк картасының деректемелерін енгізбеңіз немесе ешкіммен бөліспеңіз, тауарға алдын ала ақша салмаңыз, интернеттегі күмәнді конкурстарға қатыспаңыз, өз ақшаңызды кез келген жерге салмаңыз. Ал егер сізге полициядан, банктен немесе фирмадан қоңырау шалып, ұялы телефоныңызға жіберілген кіру кодтарын беруді талап етсе, телефон тұтқасын қойыңыз.