Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның бас тәрбиешісі балалар үйінде болды

Астанада құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетовтың басшылығымен Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар үйінде Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі ұжымы өнер көрсетті. Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен мерекелік қойылым көрсетілді.

Генерал-майор Қайрат Үмбетов балаларды келе жатқан жаңа 2024 жылмен құттықтап, тәрбиеленушілерге жаңа жылдық тәттілер жиынтығын салтанатты түрде табыс етті.

– Бүгінгі іс-шара біздің балаларымыз үшін өте маңызды. Бізге Халық Қаһарманының өзі келді. Әскери генералды көргенде біздің балалардың көздерінен нұр байқалды. Олардың арасында өз өмірін әскери саламен байланыстырғысы келетіндер де бар. Осындай батырлардың арқасында Отан қорғаушы болғысы келетіндердің саны артатынына сенімдімін, — деді орталық директоры Бибігүл Такисова.

Айта кету керек, бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында 73 бала тәрбиеленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру