Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында күдікті өзгенің көлігінен қомақты қаражат пен брендтік сағат ұрлап кетті

Қостанай облысында күдікті өзгенің көлігінен қомақты қаражат пен брендтік сағат ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақша мен сағатты ұрлады деген күдікпен Қостанай ауданының 40 жастағы тұрғыны қамауда отыр. Аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін оған бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Қостанайда 25 желтоқсанда таңғы сағат 5-те жеке үйлердің бірінің жанында ашық тұрған Lexus 570 көлігінен ұры қобдишада жатқан 3 миллион теңге мен 3 миллион рубль мөлшерінде ақша қаражатын ұрлап кеткен. 

Кейін, ол шеге суырғышты пайдаланып, үйге терезе арқылы кіруге тырысқан. Алайда бұл әрекет сәтсіз болды. Себебі үй иелері дыбысты естіп, оянған. Осыдан кейін күдікті белгісіз бағытта қашып кетті.

Сол күні полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үйінде ұрланған сағаттар табылған күдіктіні анықтады. Ақшаның орналасқан жерін полиция анықтайды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Полиция департаменті тұрғындарды өз мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру