Алматыда Аяз Ата мен Ақшақар балалардың жаңажылдық тілегін орындады
Алматыда Аяз Ата мен Ақшақар балалардың жаңажылдық тілегін орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көпбалалы отбасы балаларының Аяз атаға жазған хаты туралы тәртіп сақшылары бұрыннан келе жатқан досы, бірнеше қайырымдылық жобаларының авторы Кира Ударцевадан білген.
Ол балалардың жаңажылдық Аяз атадан сыйлық күтетінін айтты. Содан жаңажылдық кейіпкерлер балаларға қонаққа барды. Балалар ықыласпен ән айтып, тақпақ оқып, Аяз ата мен Ақшақарды қуантты.
– Жақсылықтың шекарасы жоқ. Осы ұранмен Алматы полициясының қызметкерлері ондаған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға барып, балалардың жаңа жылдық тілектерін орындады. Балалардың қуанышы, олардың ғажайыпқа деген сенімі өте құнды. Біз бұл игі дәстүрді құрметтейміз және бағалаймыз, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.