Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жолда бұзылған халықаралық жолаушылар автобусына көмектесті

Павлодар облысының полицейлері жолда бұзылған халықаралық жолаушылар автобусына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресей Федерациясының Новосібір – Павлодар бағыты бойынша жүретін Volvo жолаушылар автобусы Успен ауданы Қозыкеткен ауылының жанынан өтіп бара жатқанда бұзылып қалды. Полиция осындай хабарлама алды. Дереу көрсетілген жерге патрульдік полиция ротасының патрулі жіберілді.

– Автобус салонында 32 адам болды, оның ішінде үш бала. Көлік құралы тросспен сүйемелдеуге алынды. Бұған дейін жолдағы апаттан кейін жеті жолаушы, оның ішінде үш кәмелетке толмаған бала Павлодар қаласына дейін ілеспе көліктермен кетіп қалған. Біздің қызметкерлер автобусты адамдармен бірге Павлодарға дейін алып жүрді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Новосібірден халықаралық жолаушылар автобусы Павлодарға таңертең ерте келуі керек еді, бірақ ол 11 сағат кешігіп келді. Жүргізушілердің айтуынша, Ресей Федерациясының Қарасуық ауылына жетпей, автобус бұзылып қалған. Новосібір мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері бұзылған автобусты шекара маңындағы қалаға жеткізіп, жөндеді. Осыдан кейін адамдармен бірге автобус соңғы бағытқа қарай жүре берді. Алайда «Қосақ» шекара пунктінен әрең өтіп, біздің аумақта ол қайтадан бұзылды, сол кездегі ауа температурасы -27°C дейін төмендеді.

Жолаушылардың айтуынша, екінші рет бұзылу кезінде олар қорқып кеткен, бірақ полицейлерді көргенде олар қуанып қалды.

– Біз Жаңа жылда Новосібірдегі туыстарымызға бардық. Қазақстандық полицияның кәсіби іс-қимылдарының арқасында барлығымыз баратын жерімізге аман-есен жеттік. Құқықтық тәртіп қызметкерлерін жаңа жылмен құттықтағым келеді, отбасыларына бақыт, амандық және жұмыста жеміс тілеймін. Көп рақмет! Сізге денсаулық пен қызметте табыс тілейміз, – дейді алғыс айтқан жолаушылар Жақсылық Архат пен оның жұбайы Жанар.

– Жолаушылар, оның ішінде балалар және жүргізушілердің қалдары жақсы. Біз тек өз жұмысымызды атқардық, – деп атап өтті Ернар Макин, Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасы взводының командирі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру