Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицей болғысы келетін 30-ға тарта азамат ашық есік күніне қатысты

Түркістан облысында полицей болғысы келетін 30-ға тарта азамат ашық есік күніне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Аталмыш акцияның мақсаты – ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниеті бар талапкерлерге бағыт-бағдар беру.

Іс-шараға 30-ға тарта жастар келді. Олар полицей болу үшін қандай құжаттарды жинау керегін, қандай мамандықтарға бос орындардың бар екенін біліп, кеңес алды.

– Түркістан облысы полиция департаменті бос орындарға конкурс жариялап, жасы 18-35 жас аралығындағы, жоғары білімі бар азаматтарды ішкі істер қызметкері қатарына қосылуға шақырады. Бұл шара жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға өз септігін тигізеді. Елдің нағыз патриоттарын қатарымыздан көргіміз келеді,- деп атап өтті Әшімхан Мырзаханов.

Өз кезегінде облыс сақшылары ашық есік күніне қатысқандардың барлығына алдағы конкурста сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру