Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер есірткі сатушыны «жұмыс орнында» ұстады

Елордада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні таратушыны қоғамдық орында кезекті есірткіні жасырып жатқан жерінен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні таратушыны тікелей «жұмыс орнында», қоғамдық орында кезекті есірткіні жасырып жатқан жерінен ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Интернациональный кентіндегі көшелердің бірінде 20 жастағы жігіт ұсталды. Жеке тінту барысында күртесінің қалтасынан салмағы 80 граммнан асатын Alfa PVP синтетикалық есірткісі оралған 87 түйіншек табылып, тәркіленді.

Ұсталғанның берген айғағына сүйенсек, осылайша ол жеңіл ақша таппақшы болған, өзінің тауарын қоғамдық орындарда қалдырып, интернет дүкен арқылы байланыссыз әдіспен сатқан. Көбінесе жеке сектор ауданында, шағын саябақтар мен аллеяларда жол бойында жасырын орындарда қалдырған.

Жедел-тергеу шаралары барысында жігіт өз кінәсін мойындап, мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бұл мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ұсталған адамның сыбайластарын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру