Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды академиясының 15 курсанты ШҚО-ға практикадан өтуге барды

ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 15 курсанты ШҚО-ға практикадан өтуге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полициясына ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 15 курсанты практикаға келді. Болашақ тәртіп сақшылары оқу курсының соңғы жылдарында ең үздік ведомстволық оқу орындарының бірінде теериялық білімдерін шыңдады, енді оларды екі ай практикалық жұмыс күтіп тұр.

«Бес минутсыз мамандар» яғни криминалистер, тергеушілер және анықтаушылар үшін практика тәжірибелі тәлімгерлерді бекітуден басталады. Олар жұмысқа қабылдану кезіндегі бейімделу кезеңін қысқартып, жұмысқа толық дайындауы керек. ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жас мамндарды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды.

Облыстың бас полицейі болашақ офицерлерге үлкен үміт пен ерекше талаптар қойылатынын атап өтті.

Өз мамандықтарыңызды жақсы көріңіздер, жұмысқа жауапкершілікпен қараңыздар, диплом алғаннан кейін, сіз академия қабырғасында алған біліміңізді облыс полициясында сәтті жүзеге асыра алатындарыңызға және мұнда сіздерге жан – жақты қолдау көрсетілетініне сенім білдіремін, – деп түйіндеді өз сөзінде Ерлан Омарбеков.

Сол күні полиция департаментінде конкурстан өткен кандидаттарды тағайындау өтті. Әңгімелесуден және конкурстық іріктеуден өткен 9 жас жігіт ШҚО ПД бастығының бұйрығымен кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына тағылымдамадан өтуші болып тағайындалды.

Олардың жаңа басталған кәсіби жолының келесі кезеңі ҚР ІІМ оқу орындарында бастапқы даярлық курстарынан өту болады. Облыстық полиция басшысы жаңадан келген тағылымдамадан өтушілерді жеке қарсы алып, оларға отанымыздың азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қызметте сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру