Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Көрінбейтін жаумен» күресіп жатқан полицейлерге құрмет

Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің туыстары тәртіп сақшыларына бейнеролик арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бейнеде күйеуінен, әкелерінен, ұлдарынан айырылған төрт Алматылық отбасы – 2006 жылы қайтыс болған полиция аға лейтенанты Серік Аденов, 2011 жылы қайтыс болған полиция аға сержанты Ғалымжан Әбдіров, 2007 жылы қайтыс болған полиция майоры Орал Сатиев және 2016 жылы қайтыс болған полиция аға сержанты Серік Әбілдаев туралы оқиғалар бар.


Қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған полиция қызметкерлерінің аналары, әйелдері және балалары бейнероликте оларды қалай құрметтейтіндерін және бүгінгі күні «көрінбейтін жауға» – короновирустық инфекцияға қарсы күресіп жатқан полицияның жұмысын қалай бағалайтындықтарын сипаттайды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдарында, Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес кезінде 67 полиция қызметкері қаза тапты.

«Олардың барлығы Отан алдындағы борышын адалдықпен атқарды. Олардың ерлігі мен батылдығы құрметке лайық және олар еліміздің болашағы үшін үлгі болады. Біз барлығымыз қахарман – полицейлер үшін жүрегіміздің тереңінде қайғырамыз. Олар әрқашан біздің жүрегімізде қалады. Полиция Департаменті қызметтік міндеттерін атқарып жүріп қаза болған ІІО мүгедектері мен отбасыларына көмек көрсету орталығымен бірлесіп, олардың жанұяларына жан-жақты қолдау көрсетіп, қолдан келгенше көмек көрсетуді жалғастырып келеді, әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысады», – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру