1 тәулік ішінде 6 авто айыппұл тұрағына қойылды
Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері 50 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 6 автокөлікті айыппұл тұрағына қойды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық
орындарда және көшелерде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Кентау қаласында жедел-профилактикалық іс- шаралар кешенін өткізді.
«Қауіпсіз жол» және «қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шаралары
аясында облыстық жергілікті полиция қызметкерлері Кентау қалалық полиция
бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол қауіпсіздігін нығайту және ЖҚЕ бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізді. Іс-шараны өткізуге Түркістан облысы жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция экипажы және Кентау қалалық полиция бөлімшесіне патрульдік полициясының 5 экипажы мен эвакуатор қатысты.
Бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі ережесінің бұзулуының 50 дерегін анықтады, оның ішінде екеуі мас күйінде көлік жүргізу болса, тұрақ және белгіленбеген жерде тоқтау бойынша 12 жайт, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдалану бойынша 4 және қауіпсіздік белдігін пайдаланбауға байланысты 6 деректі анықтады. Полиция қызметкерлері айып тұрағына эвакуаторды пайдаланып, 6 автокөлікті қойды.
Қылмыстарды, соның ішінде бұрын жасалған қылмыстарды ашу мақсатында
тәжірибелі полицейлерден арнайы топтар құрылды. Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полиция бөліміне Кентау қаласының тұрғыны жеткізіліп, Қылмыстық кодекстің 191- бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 26 дәмхана мен 54 дүкенді тексеріп,олардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оған қоса, тәртіп сақшыларыкешкі сағат 21:00-ден кейін алкогольді сатудың 1 дерегін анықтады. Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде болуының 2 жайты анықталды, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын
табады.