Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 162 дерегін анықтады

Алматы облысында жыл басынан бері 150 браконьер жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 12 қылмыстық іс қозғап, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 162 дерегін анықтады.

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар саласындағы байлықтарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы күндері Алматы облысының аумағында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстың мүдделі органдарымен және қызметтерімен бірлесе отырып, браконьерлікпен айналысатын, сондай-ақ жануарлар дүниесі мен табиғатқа зиян келтіретін азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты ауқымды жұмыстар жүргізудеміз. Осылайша, қазіргі уақытта браконьерлерден 22 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның 7 заңсыз сақталған, сондай-ақ 2 мың 533 кг балық, 4 еліктің, 1 қабанның тұтас еттері, сондай-ақ 34 ондатр және 20 түрлі құс тәркіленді»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Ерлан Құджақов.

Сонымен қатар, екі күн ішінде облыс аумағында 41 құқықбұзушылық анықталды, оның 28 заңсыз аң аулау, 10 заңсыз балық аулау, 1 заңсыз ағаш кесу.

«Кейбір азаматтар табиғи ресурстарды өндіруде аяусыз әдістерді пайдаланады. Мәселен, жуырда полиция қызметкерлері түнгі уақытта Малайсары асуына жататын Іле өзенінің жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан Қарасай ауданының 31 жасар тұрғынын ұстады. Азамат Қазақстанда тыйым салынған, 10-15 метр радиустағы тірі тіршілік иелерін өлтіретін «электрліауды» қолданған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп толықтырды Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Ерлан Құджақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру