Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

101 жастағы ардагердің еңбегі

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері 1919 жылы туған Алексей Фирсовты мерекесімен құттықтады.

Қызметкерлер ардагерге сыйлық салынған қораппен, мекеменің жылыжайынан сотталғандардың қолдарымен өсірілген көкөністері бар себетті ұсынды, сондай-ақ ШҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері атынан ақшалай сыйлық табыс етті.

«1939 жылы мен Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Чита облысының Забайкальский әскери округіне Харанор-Даурия бекетіне жіберілдім, 1941 жылы әскерден үйге оралуым керек еді, алайда сол жылдары соғыс басталып, мен сол жерде 1941 жылдан 1946 жылға дейін соғыс кезіндегі әскери борышымды өтедім. 1946 жылы мен өз ауылыма үйге оралдым. Сол жерде қызмет еттім. Басында кіші сержант болдым, содан кейін одан әрі мен офицер, кіші лейтенант болдым. Әскер маған көп нәрсені үйретті, мен өз өмірімде көп нәрсені санама түйіп алдым. Әскердегі тәртіпке үйренгендіктен, өмірде де сол әдетім қалмады», – дейді ардагер.

Ардагер 1919 жылы 27 наурызда Пенза облысы Вадинск ауданы Васильевка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген, ұлты – орыс. 1930 жылы Красный комбайнер колхозына жұмысқа орналасқан.1937 жылы Рахманов толық емес орта мектебін бітірді.Одан әрі Васильев ауылдық кеңесінде клуб меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысының ардагері жақында наурыз айында 101 жасқа толды.

ҚАЖ қызметкерлеріне ол Ұлы Жеңіс туралы ән шырқап берді және қызметкерлер ардагерге оның ерлігі үшін және біздің Отанымыз үшін алғыс айтты.

Ардагердің айтуынша: ол 267 артиллериялық полкте алдымен қатардағы жауынгер, одан кейін сержант,бөлімше командирі болып қызмет еткен.

1945 жылы ақпан айында взвод командирлерін даярлау бойынша төрт айлық офицерлер курстарына жіберілген, оларды бітіргеннен кейін өз бөліміне оралды, атыс взводының командирі болып кіші лейтенант атағына ие болған.

1945 жылы оның бір бөлігі шекарадан өтіп, үлкен Хинган жотасы арқылы алға жылжи отырып, Хайлар қаласының бекітілген ауданын бөле отырып, Жапон армиясымен ұрысқа түскен.

Бухэду стансасының жанында полкке ары қарай қозғалмауға бұйрық берілген және 1945 жылдың 3 қыркүйегі Жапон әскері капитуляцияланып , полк Даурия станциясына қайтып келген.

Әскери заңды сақтай отырып, нақты командалық тапсырмаларға үйрендім, орында деген бұйрықтың!бәрін орындау керек болды, бұйрық мен үшін бұл бәрі болды, сондықтан мен әскери тәртіпке тез үйрендім. Мен әскерде жеті жыл қызмет атқардым. Соғыс аяқталғаннан кейін Читин облысында қызметімді жалғастырдым, – дейді А.Фирсов.

1971 жылдан 1978 жылға дейін Шемонаиха аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының ревизоры болып қызмет атқарған.

1946 жылдың қыркүйегінде Пенза облысына оралды.1946 жылдан 1953 жылға дейін Пенза облысы Вадинск ауданының Красный комбайнер колхозында есепші болып жұмыс істеді, содан кейін сол жерде бригадир болып жұмыс істеген.

1953 жылы Қазақстанға Шемонаиха қаласына ағасына көшіп келді. Шемонаиха қаласындағы моторлы-трактор станциясында есепші болып жұмыс істеді.


1979 жылдан зейнеткерлікке шықты. Алексей Игнатьевичтің төрт баласы болған, қазір олардан екі қызы, 7 немересі, 14 шөбересі және екі шөпшегі қалды.

1978 жылдан бастап Алексей Игнатьевич ОВ 156/6 мекемесіне ауысты, онда материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің инженері болып жұмыс істеді.

Қазір ол ШҚО Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылында кіші қызының қолында тұрып жатыр. Елде енгізілген шектеулерге байланысты ардагер карантиннің, өзін-өзі оқшаулаудың барлық шарттарын сақтап жүр.

Ардагер ҚАЖ қызметкерлеріне келгені үшін алғысын білдіріп, болашақ ұрпаққа өзінің көрген қорқынышты соғысын көрмесін деген тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру