Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

11 мыңға жуық қызылордалық жол қозғалысы ережелерін сақтамады

11 мыңға жуық қызылордалық жол қозғалысы ережелерін сақтамады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мамыр айының 17-нен маусым айының 16 күндері аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 10 925 дерегі анықталды. Оның ішінде еңбек және демалу режимін бұзған бір жүргізуші, көлік құралын жалған және қолдан жасалған МТНБ-мен басқарған тоғыз, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған - 118, оның ішінде сыртқы жарықтандыру аспаптарының орналастыру режимін бұзған - 17, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген - 19, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған 535, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған 593, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған - 1 521, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамаған - 2 380, маневр жасау қағидаларын бұзған - 343, жолдың қарсы бағытына шыққан - 15, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен - 142 жүргізуші анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар қозғалыста жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеудің - 313, соқтығысу сәтін туғызудың - 86, темір жол өтпелерінен өту қағидасын бұзған - 88, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның басқаруына берудің 106, құжаттары жоқ адамның көлiк құралын басқарудың - 259, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы - 45, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзған - 746, заңсыз жолаушылар тасымалдаған - 16 деректері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру