Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонның жұмысын тоқтатты
Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонның жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Stop-Трафик» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 36 жастағы әйелді ұстады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған әйел кінәсін мойындады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша бір әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін бір әйел қойылды.