11 мыңға жуық қызылордалық жол қозғалысы ережелерін сақтамады
11 мыңға жуық қызылордалық жол қозғалысы ережелерін сақтамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мамыр айының 17-нен маусым айының 16 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 10 925 дерегі анықталды. Оның ішінде еңбек және демалу режимін бұзған бір жүргізуші, көлік құралын жалған және қолдан жасалған МТНБ-мен басқарған тоғыз, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған – 118, оның ішінде сыртқы жарықтандыру аспаптарының орналастыру режимін бұзған – 17, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 19, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған 535, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған 593, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған – 1 521, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамаған – 2 380, маневр жасау қағидаларын бұзған – 343, жолдың қарсы бағытына шыққан – 15, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен – 142 жүргізуші анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар қозғалыста жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеудің – 313, соқтығысу сәтін туғызудың – 86, темір жол өтпелерінен өту қағидасын бұзған – 88, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның басқаруына берудің 106, құжаттары жоқ адамның көлiк құралын басқарудың – 259, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы – 45, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзған – 746, заңсыз жолаушылар тасымалдаған – 16 деректері анықталды.