Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО бойынша ҚАЖД кәсіби медициналық қызметкерлер күнін атап өтті

ШҚО бойынша ҚАЖД кәсіби медициналық қызметкерлер күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын және Отан үшін өз қызметтерін адал орындайтын ақ халатты жандардың мамандығына арналған мерекелері ерекше аталып өтті.

Қазақстанда жыл сайын маусымның әр үшінші жексенбісінде медицина қызметкерінің күні аталып өтеді. Оны мерекелеу 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленді.

ШҚО бойынша ҚАЖД медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Рашат Мухаметкалиевтің айтуынша, дәрігерлер үшін өз жұмыстарында ең маңыздысы – аурудың алдын алу мен өлімге жол бермеу, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу.

Кәсіби мерекеге байланысты ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен жеке құрамы барлық қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметкерлерін құттықтады.

– Бұл күні сіздерге мықты денсаулық, отбасында береке, қоғамымызда тұрақтылық пен бейбітшілік, шыдамдылық тілейміз, Сіздер өз тәжірибелеріңізді, білімдеріңізді, адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағыттай аласыздар. Сіздердің осы өте маңызды жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, – деді ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының аумағында 11 мекеме бар, оларда төрт мыңға жуық сотталған жазаларын өтеп жатыр. Осы сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы көмек көрсету үшін 254 медицина қызметкерлері қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру