Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам жұмыс орнында жарақат алған

Ақмолада ер адам жұмыс орнында жарақат алған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қарашада Аршалы АПБ-ға аудандық аурухана дәрігерінің стационарға жарақат алған ер адамның түскені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Медициналық тексеруден кейін 56 жастағы жергілікті тұрғынға «Бірнеше ашық жара, оң қолдың бесінші саусағының жарақаттық ампутациясы» диагнозы қойылды.

Жәбірленушімен әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері ер адамның аймақтағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс орнында жарақат алғанын анықтады.

Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру