Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс нышандарынан ұрлық жасаған астаналық тұрғын қамауға алынды

Елорда тұрғыны жаңа ғимараттар мен құрылыс нысандарынан ұрлық жасағаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті ұрлықты түнгі уақытта, құрылыс құралдарын, металл бұйымдарды ұрлау, электр сымдарын кесу арқылы жасаған.

Сонымен, сағат 04:00 шамасында күдікті тұрғын үй кешенінің жанында кіреберіске кедергісіз кіріп, 7 металл кілемшені ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды ер адам металл қабылдау пунктіне өткізген.
Басқа бір жағдайда, ол түнгі уақытта нысанға кіріп, жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын құрылыс құралдарын ұрламақ болған.
Қазіргі уақытта полицияда осыған ұқсас жеті ұрлық тергеліп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 46 жастағы қала тұрғынын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астанлық азамат қамауға алынды. Ер адам 2022 жылы ұрлық жасағаны үшін істі болғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру