Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында үздік учаскелік полиция инспекторлары анықталды

Жамбыл облысында үздік учаскелік полиция инспекторлары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтің тиімділігін жетілдіру және полиция қызметкерлерінің имиджін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 ақпанынан 1 наурызына дейін полиция департаментінде “Полицияның үздік учаскелік инспекторы” байқауы өтті.

Байқау шарты бойынша шешуші сайысқа қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде ұйымдастырылған бірінші кезеңде үздік деп танылған 26 учаскелік инспектор қатысты.

Конкурсанттар полиция жұмысының негізгі бағыттары бойынша қызметтегі өз нәтижелері мен жетістіктерін, сондай-ақ профилактикалық қызметті жетілдірудегi жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың моральдық және іскерлік қасиеттерін, олардың дене шынықтыру дайындығын, атыс шебіндегі жетістіктерін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек пен нормативтік актілерді көрсету бойынша білімдерін ескерді.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша “Қала аумағындағы үздік УПИ” Бағдат Нарбеков (Тараз қаласы ПБ), “Ауылдық аумақтағы үздік УПИ” – Әзизжон Пайзиев (Жамбыл АПБ), “Кәмелетке толмағандар бойынша қаладағы үздік УПИ” – Мадина Аманова (Тараз қаласы 1- полиция бөлімі), “Ауылдық жерлердегі кәмелетке толмағандар жөніндегі үздік УПИ” – Гүлзағира Килебаева (Меркі АПБ) танылды. Жеңімпаздар республикалық байқауға қатысады.

– Барлық сайыскерлер іріктеу турларынан өтті. Қатысушылар бірнеше критерийлерге сай болуы керек еді. Олардың негізгілері – әкімшілік учаске аумағында тұратын тұрғындармен сенімді жұмыс істей білу, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы және сапалы қарау. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен, білім беру мекемелерімен нақты жұмыс, адамдардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағаланды. Жалпы, мұндай конкурстар нақты жұмыс істей алатын кәсіби және сауатты қызметкерлерді анықтауға көмектеседі. Қатысушыларымызды байқаудағы жеңістерімен құттықтаймыз, – деді Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру