17 жасар жасөспірім пойыз вагонынан секіріп кетті
Түркістан облысында жасөспірім пойыздан секіріп,дене жарақатын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 15-ақпанында сағат 03.10-да Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөліміне
«Талдықұдық-Арыс» аралығының 3218 шақырымында белгісіз адамның жатқандығы туралы
хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Арыс-1 станциясының желілік полиция бөлімшесіне жедел-тергеу тобы шықты.
Тексеру барысында Түркістан облысының 17 жастағы тұрғыны анықталды. Темір жол бойымен жаяу келе жатып, жүк пойызының вагонына жармасып мініп, өзі тұратын елді мекенге жетпекші болған. Жүк пойызы Талдықұдық станциясына жақындағанда жасөспірім поездан секіріп түспекші болған, соның салдарынан жеңіл дене жарақатын алды.
Көлік полицейлері зардап шеккен азаматты жедел Арыс қаласының аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Көлік полицейлері темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, темір жол нысандарында тек арнайы белгіленген және аспалы көпірлер арқылы ғана өту қажеттігін тағы да еске салады.