Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін “шұғыл желі” ұйымдастырылды

Маңғыстау облысында “жолдағы қабылдау” және “ауладағы қабылдау” акциялары 14-16 ақпан аралығында өткізіліп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.

14-16 ақпан күндері “Жолдағы қабылдау” және “ауладағы қабылдау” акциялары өткізіліп жатыр.Қоғамдық қабылдау және полицияның фронт-кеңселерінде кездесулер ұйымдастырылды. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде акция аясында келушілерді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығының бірінші орынбасары Амангелді Халмұрадов пен облыстың ЖПҚБ бастығы Мадияр Омаров қабылдады. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен және Ақтау қаласының әкімдігімен бірге жүргізілді. “Шұғыл желі” жұмысы ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде акция өткізілетін жерден тікелей трансляция жүзеге асырылды. Азаматтар тірі қарым-қатынас форматында өз сұрақтарын қойды.
Көбінесе Еуропалық экономикалық одақ автокөліктерін елімізге уақытша тіркеуге, заңнамадағы жаңалықтарға қызығушылық танытуда. Ақтаулықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыруға қатысты сұрақтар қойды. Әкімшілік полиция және жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер атап өткендей, азаматтардың әрбір өтініші бақылауға алынды. Олардың әрқайсысы бойынша тексеру жүргізіліп, шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру