Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында жол-көлік апатынан 3 тұрғын көз жұмды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының 3 тұрғыны жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15-ақпанында сағат 10.00 – де Мұнайлы ауданына қарасты Батыр-Қызылтөбе-2 автожолында екі автокөлік соқтығысып қалды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Мұнайлы ауданының үш тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, үшеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы,абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот сараптамасы тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру