Жазасын өтеп жатқан ер адам Абайдың портретін салып, Атбасар аудандық кітапханасына сыйға тартты
17 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан ер адам Абайдың портретін салып, Атбасар аудандық кітапханасына сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінде жазасын өтеуші жазушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың портретін салуға шешім қабылдады.
– Мектепте Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқығанымыз есімде. Мен біздің мұрамызды мақтан тұтамын, көптеген елдерде Абайды оқығанын, ұлы ақынның шығармалары арқылы біздің еліміздің шығармашылығымен танысқанын мақтан тұтамын. Біздің бүгінгі ұрпағымыздың өз мәдениетін ұмытпауы, оны бағалап, дәріптеуі – парызымыз, – деді сотталған.
Бауыржан ауыр қылмысы үшін жазасын өтеуде. Достарымен бірге түнгі мерекеден кейін көңілді жалғастыру үшін ақша іздеп, адамды өлтірген. Үлкен отбасында жетінші бала болғандықтан, ол ешқашан сурет салуға ерекше қызығушылық танытпаған. Тек осы жерде, темір тордың арғы жағында сурет салуға әуестене бастаған.
Абай Құнанбаевтың портретін салып, сотталған оны аудандық кітапханаға сыйға тартуды ұсынды.