Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған рестобар анықталды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, бірқатар мекемелер карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзып келеді.

2021 жылдың 11 тамызында түнгі сағат 23-00-де Әл-Фараби ауданындағы Дулати көшесінде орналасқан “Benjamin” рестобары карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. Осы анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне іс-құжаттар жолданып, рестобар әкімшісінен түсініктеме алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру