Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

18 офицерге ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі дәрежесі берілді

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясында 18 магистрантқа “Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі” дәрежесімен дипломдар табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Академия басшылығымен бірге салтанатты жиынға Ішкі істер министрінің кеңесшісі, Қазақстан ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығының үздік дәстүрлерін сақтай отырып, Милиция генералы Болсамбеков Қарағанды ​​академиясының бастығы Ақынқали Дәрменовпен бірге магистранттарға дипломдар тапсырды және жылы лебізін білдірді.

– Магистранттар, офицерлер, әріптестер! Бүгін сіздер үшін ең маңызды күн. Сіздер жаңа кәсіби белестерді бағындыруға мүмкіндік беретін құжат иесі атандыңыздар. Оқу барысында сіздер өз білімдеріңізді арттырып, ғылыми қызметке немесе басқарушылық лауазымдарға дайын маман болдыңыздар. Енді сіздердің міндеттеріңіз – Тәуелсіз Отанымыздың, егемен Қазақстанның игілігі үшін ішкі істер органдарында лайықты қызметті жалғастыру, – деп атап өтті Өмірзақ Қоспанұлы.


Академия басшысы өз кезегінде аудитория алдында сөйлеген сөзінде:

– Қарағанды ​​академиясының алдында жоғары білікті ішкі істер органдарының кадрларын даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша маңызды міндеттер тұр. Біз ішкі істер органдарының зияткерлік капиталын ұлғайтуға күш саламыз, – деп атап өтті Ақынқали Дәрменов.

Еске сала кетейік, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша қызметкерлерді оқытады.

Академияда зертте жұмыстарын жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап PhD докторы дәрежесін алу үшін диссертациялық зерттеулерді қорғауға арналған диссертациялық кеңес жұмысын жалғастырды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру