Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Павлодарда ұсталды

18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Павлодарда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының 59 жастағы азаматы 2003 жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деп күдіктелуде.

– Сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамнан “ешқайда кетпеу туралы қолхат” алынды. Алайда сол кездегі 40 жастағы ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Осы жылдар ішінде іздестіріліп жатқан қылмыскер Павлодар қаласында тұрған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның мемлекетаралық іздеуде екендігін туралы жедел уәкілдер Ресей Федерациясының әріптестерінен білді.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері тұрақты негізде қылмыстық қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

2021 жылдың қорытындысы бойынша павлодарлық жедел уәкілдер 103 қылмыстық қылмыскерді іздестірді, хабар-ошарсыз кеткен 88 азаматтың мекенжайы анықталды. Биыл жедел уәкілдер екі қылмыстық қылмыскерді ұстады және хабар-ошарсыз кеткен үш адамның орналасқан жерін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру