20 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды
Қарағанды облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы барасында 23 миллион теңге айыппұл өндірілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында Қарағанды облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Әкімшілік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары қатысты.
Оның қорытындысы нәтижелі болды: жеті күн ішінде 23 миллион теңгеден астам сомаға 2536 айыппұл өндірілді.
Сондай-ақ, полицейлер атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлерімен бірлесіп атқару өндірісінің материалдары бойынша 736 рейдтік іс-шаралар өткізді. Оның барысында төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар тұлғаларға тиесілі 20 көлік құралы арнайы тұрақтарға қамалды.Оның ішінде Ресей Федерациясында тіркелген 3 көлік құралы қамауда.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша полиция қызметкерлері 6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 426 ұйғарым берілді.
Тәртіп бұзушы азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодектің 810-бабына (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері) сәйкес, айыппұлды тиісті хабардар ету сәтінен бастап жеті тәулік ішінде төлеген болса, оның 50%-ын төлейді.
Полицейлер мен сот орындаушыларының ескертуінсіз айыппұлды уақытында төлеу керек.