Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды

Қарағанды облысында “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасы барасында 23 миллион теңге айыппұл өндірілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында Қарағанды облысында “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Әкімшілік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары қатысты.

Оның қорытындысы нәтижелі болды: жеті күн ішінде 23 миллион теңгеден астам сомаға 2536 айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ, полицейлер атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлерімен бірлесіп атқару өндірісінің материалдары бойынша 736 рейдтік іс-шаралар өткізді. Оның барысында төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар тұлғаларға тиесілі 20 көлік құралы арнайы тұрақтарға қамалды.Оның ішінде Ресей Федерациясында тіркелген 3 көлік құралы қамауда.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша полиция қызметкерлері 6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 426 ұйғарым берілді.

Тәртіп бұзушы азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодектің 810-бабына (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері) сәйкес, айыппұлды тиісті хабардар ету сәтінен бастап жеті тәулік ішінде төлеген болса, оның 50%-ын  төлейді.

Полицейлер мен сот орындаушыларының ескертуінсіз айыппұлды уақытында төлеу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру