Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аса ірі көлемде есірткі тәркіленді  

Қостанай полицейлері аса ірі көлемде есірткі тәркіледі,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні құрықтады. 77 грамм есірткі тәркіленді. Бұл салмақ аса ірі өлшем болып саналады.

10-ақпанда Қостанай қаласының аумағында Дзержинский көшесіндегі 51 жастағы әйелдің пәтерінде полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс – шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын тәркіледі. Бөлмелердің бірінде пластикалық ыдыс және ақшыл түсті затпен полимерлі орама табылды.

Химиялық зерттеу нәтижелері бойынша орама мен банканың құрамында салмағы 77,44 грамм героин есірткі құралы анықталды. Бұрын әйел есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру