Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 бас қойды жымқырған күдіктілер тобы құрықталды

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы жайттарын ашып,күдіктілер қамауға алынды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының басында Ордабасы аудандық олиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, түнгі сағат 03:00-тер шамасында белгісіз тұлғалар қорасынан 5 бас қойын жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мың теңгені құрады.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Мал ұрлығын ашу мақсатында тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлермен сауалдар жүргізіп, қылмыстың барлық іздерін мұқият тексеріп шықты. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері жергілікті 4 тұрғыннан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Айғақты зат ретінде алынған қойлар заңды иесіне қайтарылды.
Тергеу барысында күдіктілердің бірі Ордабасы ауданының басқа тұрғынынан құны 40 мың теңге тұратын қой ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Сол күні Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне тағы бір мал иесі арызданған. Жәбірленуші қаңтар айының соңында оның 2 қойын ұрлап, өзіне
жалпы құны 70 мың теңге шығын келтіргенін хабарлады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жедел-іздестіру іс- шарасы басталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, жедел уәкілдер Сарыағаш қаласы мен
Мақтарал ауданының екі тұрғынын құрықтады. Мал ұрлығын жасаушылар
қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Мал ұрлығы бөтен мүлікті ұрлаумен байланысты қылмыстардың ең көп орын алатындарының бірі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, ұрылар
ауылдықтардың ұқыпсыздығын және жайылымдарда адамдардың болмауын,
жәбірленушілердің шаруашылық қора-жайларының жабдықталуын пайдалана отырып, арам ойларын іске асырады.
Осыған ұқсас қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін полицейлер азаматтарға мұқият болуға және үй жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Төрт түліктің еркін жайылуы үшін мүмкіндігінше бақташы жалдау керек. Шаруашылық аулаларын бекітіп , жарықтандырумен, күзет дабылы және сенімді кіру есіктерімен жарақтандыруы керек. Үй жануарлары жоғалған немесе ұрланған жағдайда, өз бетінше іздестіруге уақыт жоғалтпай, шұғыл полицияның көмегіне жүгіну қажет. Бұл полицейлердің мал ұрлығы қылмысын «ізін суытпай» ашып, қылмыскерлерді ұстауға ықпал етеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру