Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

25 жастағы ақтөбелік алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Көлік полицейлері алаяқтық жасаған 25 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөліміне 31 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы шағымданып келді. Оның айтуынша бейтаныс ер адам ұялы телефонын алдап алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көлік полицейлері 1995 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Жауап алу барысында ол ұялы телефонды алып, жергілікті ломбардқа 30 000 теңгеге өткізгенін мойындады. Ұрланған зат тәркіленді.

Аталған факті алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен бір жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тарту түріндегі жазаға тартылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру