30 мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзған
Қызылордада белгіленген жылдамдық режимін бұзудың 30 мыңнан астам дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусым айынан бастап облыс орталығындағы автокөлік ағыны басым көшелерге "АРКАН" стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.
Жылдамдық өлшегіш құрылғыларды қоюдың негізгі мақсаты - жол қауіпсіздігін сақтап, жол-көлік оқиғаларының санын азайту болып табылады.Құрылғылар іске қосылғаннан бастап 30 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының саны да өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайған.
Осыған орай құрылғылардың тиімділігін ескере отырып, облыс аумағында алдағы уақытта жылдамдық өлшеу құрылғыларын көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.