Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

30 мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзған

Қызылордада белгіленген жылдамдық режимін бұзудың 30 мыңнан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айынан бастап облыс орталығындағы автокөлік ағыны басым көшелерге “АРКАН” стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылды.

Жылдамдық өлшегіш құрылғыларды қоюдың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол-көлік оқиғаларының санын азайту болып табылады.Құрылғылар іске қосылғаннан бастап 30 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының саны да өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай  азайған.

Осыған орай құрылғылардың тиімділігін ескере отырып, облыс аумағында алдағы уақытта жылдамдық өлшеу құрылғыларын көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру