Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сегіз мыңнан астам автокөлік блок-бекеттерден кері қайтарылған

Павлодар облысында рұқсат құжаттарының болмауына байланысты сегіз мыңнан астам көлік кері қайтарылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Рұқсат құжаттарының болмауы салдарынан бір тәулік ішінде блок-бекеттерден 165 автокөлік кер қайтарылды. Мысалы, Баянауыл ауданының 35 жастағы тұрғыны досын мерейтойымен құттықтау үшін Павлодар қаласына барғысы келген. Бұдан басқа Екібастұз қаласынан келген ерлі-зайыптылар облыстың демалыс үйлерінің бірінде демалуды жоспарлап, тиісті құжаттарсыз шыққан, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция қызметкерлері 2020 жылғы 9-25 қараша аралығында облыс аумағында орналасқан 12 блок-бекеттен 8400-ге жуық автокөлік кері қайтарылғанын хабарлады.

Облыс аумағына 181 мың көлік құралы кіріп, өңір аумағынан 199 мыңнан астам автокөлік шыққан.

Полиция қызметкерлері Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 26 қазандағы №12 қаулысына сәйкес бекеттер арқылы өту үшін pvlinfo.kz. сайтында тіркелу қажет екенін атап өтті.

Елді мекендерде тұрақты тұратын адамдардың, авариялық, медициналық қызметтердің, құқық қорғау органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, табиғат қорғау, ветеринариялық қызметтердің, жол жөндеу қызметтерінің, ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылған адамдардың, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдары қызметкерлерінің, медициналық көрсеткіштер бойынша келіп-кететін адамдардың ілесіп жүретін адамдармен (екіден көп емес, оның ішінде жүргізушімен бірге), жол-көлік оқиғаларына байланысты адамдардың кіруін қоспағанда, блокпосттар арқылы, карантиндік стационарларда емделіп және бақылауда болған, бірге жүретін адамдармен (екеуден көп емес, оның ішінде жүргізушімен бірге), тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру, облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер, тауарлар, жабдықтар мен материалдар, қатты, сұйық отын және ЖЖМ бар көлік құралдарынан басқа адамдардың қозғалысына шектеу енгізілген.

Бекеттерге қатысты мәселелер бойынша азаматтар “109” нөмірі бойынша жедел желіге жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру