Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

31 жастағы петропавлдықтың көлікжайынан 50 келіден астам марихуана табылды

Полицейлер 31 жастағы петропавлдықтың көлікжайынан 50 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Оның үйінен аса ірі көлемдегі марихуана алынды.

СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына 31 жастағы облыс орталығы тұрғынының есірткі заттарын таратуға қатысы бар деген жедел ақпарат келіп түсті. Тінту іс-шаралары барысында қызметтік-іздестіру итін қолдану нәтижесінде күдіктінің үйіндегі көлікжайдан қаптардың ішінде ерекше иісті, өсімдік тектес зат салынған үш қорап анықталды. Сот-химиялық сараптама актілеріне сәйкес алынған салмағы 51 кг кептірілген марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған тергеу изоляторында. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, қазір аталған факті бойынша қажетті сараптамалар, істің мән-жайын анықтайтын тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан облыс аумағында 111 есірткі қылмыстары анықталды. Заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру