Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

500 мың теңгеге жуық темір жол төсемдерін ұрлаған бір топ азамат ұсталды

Көлік полицейлері 500 мың теңгеге жуық темір жол төсемдерін ұрлады деген күдікпен бір топ азаматты ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Достық станциясындағы Желілік полиция бөліміне темір жол ұйымының өкілі белгісіз адамдардың рельсті бекіту элементтерін, атап айтқанда темір жол төсемдерін ұрлап кеткенін хабарлап, шағымданды.Шығын көлемі жарты миллион теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Достық станциясының Желілік полиция бөлімі қызметкерлері «Камаз» маркалы жүк көлігін тексеріп, Алматы облысының 26 жастағы тұрғынының басқаруындағы ауыр жүк көлігінен тиісті құжаттары жоқ темір жол төсемдері табылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы яғни, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір топ адам анықталды. Дәлелді айғақтар толығымен алынды.

Полицейлер мұндай қылмыстардың аса қауіпті болуы мүмкін екендігін атап өтті. Бекіту элементтерінің зақымдануы – рельстердің кеңейіп, поездардың жолдан шығып кету қаупіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру