Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«650 мың теңге ұттыңыз»: ақтөбелік алаяқтың арбауына түсіп қалды

Алаяқ ақтөбелікті 650 мың теңге ұттыңыз деп алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде алаяқтар «жалған» аккаунттар ашып, әртүрлі сылтаулармен сіздің ақшаңызды иемденуге әрекет жасайды.

Мысалы, 8 наурызда 43 жастағы ақтөбелік Instagram әлеуметтік желісінде лотереядан 650 мың теңге ұтып алғаны және ұтысты алу үшін шағын сыйақы қажет екендігі туралы хабарлама алған. Жәбірленуші еш ойланбастан өз ұтысын қолма-қол ақшаға айналдыруға асығып, алаяққа көрсетілген банктік шотқа 19 мың теңге аударған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру