70-ке жуық қылмыс ашылды
Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 70-ке жуық қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Апта бойы қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, азаматтар көп баратын орындарда патрульдеу және заңсыз көші-қонның жолын кесу қамтамасыз етілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері 70-ке жуық қылмысты ашты, оның ішінде 29-ы бұрын жасалған қылмыстар. Алты мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде 991 ішімдікті ұнатушы қоғамдық орындарда ұсталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін облыстың 651 тұрғыны жауапкершілікке тартылды. 261 жүргізуші жылдамдық режимін бұзды, тағы 39-ы мас күйінде көлік құралын басқарды. Қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін детоксикация орталығына мыңнан астам азамат орналастырылды, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция қызметкерлері іс-шараның аяқталғанын атап өтті, бірақ полиция аймақтағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.