Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерді заңсыз жалға беретін орындарда рейдтер жүргізілуде

Алматы қаласының полицейлері пәтерлерді жалға беретін орындарда рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматыда полиция қызметкерлері Абылай хан және Райымбек даңғылдарының бойында рейдтік іс-шаралар өткізуде, мұнда пәтер жалдау қызметін заңсыз ұсынатын орындар бар.

– Биылғы жылдың басынан бастап осы аумақта 50-ден астам рейдтік іс-шара өткізілді, нәтижесінде азаматтарды мазалағаны (ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы), тыныштықты бұзғаны (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы), ұсақ бұзақылығы (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны  (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы), карантин талаптарын бұзғаны (ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы), заңсыз кәсіпкерлік қызметі (ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы) және т.б. құқық бұзушылықтары үшін 300-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз “пәтерлер бюросынан” біздің бөлімшеге соңғы үш күнде шамамен 20 адамды әкелді. Олардың бірнешеуінде ғана осы қызметпен айналысуға патент бар, қалғандары салық төлеуден жалтаратын қосалқы жалдаушылар, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Жалға алушылар тұрғын үйді күмәнді адамдарға жиі жалға береді, әдетте олар тезірек пайда табуға ұмтылып, қонақтың адалдығы мен әдептілігіне мән бермейді.

Іздеуде жүрген қылмыскерлердің сағаттық және тәуліктік жалдауға берілетін пәтерлерді пайдалану фактілері болды. Пәтер оларға ешқандай құжаттарды талап етпестен беріледі. Мұндай рейдтік іс-шаралар күн сайын өткізіліп тұрады. Іс-шара Алмалыдан басқа, Жетісу мен Түрксіб аудандарында қамтыды, – деді Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру