9 атыраулық көлік жүргізу құқығынсыз рөлге қайта отырған
9 атыраулық көлік жүргізу құқығынсыз рөлге қайта отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қараша күні сағат 03:20 шамасында Атырау-Доссор тас жолы Шығыс базар тұсында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-21705 маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 22 жастағы жүргізушісі көлік жүргізу құқығынан айырыла отырып, көлік басқарып келе жатқандығы анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлімімен (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс құжаттар Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Айта кетейік, жыл басынан бері дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 174 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.