Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушылар Қостанай облысының ПД мұражайына барды

Оқушылар Қостанай облысы Полиция департаментінің мұражайына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының жоспарын іске асыру аясында Қостанай облысының Полиция департаментінде экскурсия ұйымдастырылды. Қостанай ауданының Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары облыстық ПД мұражайына барды.

Балалар департаменттің тарихымен танысып, түрлі экспонаттарды тамашалады. Оқушылар қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ардагерлер мен ішкі істер қызметкерлерінің еңбегі туралы баяндаған мұражай сақтаушысы Таңатқан Делмұхамбетовті өте мұқият әрі үлкен қызығушылықпен тыңдады.

– Полиция мұражайы маған өте ұнады. Біз әртүрлі қаруларды, өткен кезеңдерде қызмет еткен полицейлердің формасын көрдік. Бәрінен бұрын маған экспонаттарды ұстауға рұқсат етілгені ұнады, біз тіпті қаруларды қолымызға алып көрдік, – деп өз әсерімен бөлісті 6 сынып оқушысы Виктория Соловьева.

Жамбыл жалпы білім беру мектебінің 6 сынып жетекшісі Айгүл Ағзұмова мұражай өскелең ұрпақтың бойында мәдени-тарихи құндылықтарды қалыптастыратын мәдени мекеме ретінде білім беру үдерісінде маңызды рөл атқаратындығын айтады.

– Мұражайдың ағартушылық және тәрбиелік мәні зор, өйткені онда өткеннің естелігі сақталған. Полиция департаментінің мұражайына саяхат оқушыларға ішкі істер органдарының қызметкерлері туралы ерекше әсер қалдырды. Оларға полицейлердің жасаған ерліктері туралы әңгімелер өте ұнады, – дейді педагог.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру