Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы Семейде полицияның сервистік моделінің тұсаукесерін өткізді

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығы Семейде полицияның сервистік моделінің тұсаукесерін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев ағымдағы жылдың 18 қарашасында Семей қаласына жұмыс сапары барысында қала әкімі Бақытжан Байахметов, сондай-ақ мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысуымен полицияның сервистік моделінің тұсаукесерін өткізді. Кездесу Қарағайлы шағын ауданында орналасқан №19 жаңа учаскелік полиция пунктінде өтті. Департамент бастығы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сервистік модель негізінде полиция қызметінің қажеттілігі айқындалғанын, осы мақсатта аталған модельді іске асыру Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына енгізілгенін атап өтті.

Полицияның сервистік моделі билік органдарына деген сенімділік пен қорғау деңгейін арттыру мақсатында бірлескен қызметті көздейді.

Мұндай модель үш вектор бойынша құрылады: азаматтардың полицияға қолжетімділігін барынша жеңілдетуге бағытталған қадамдық қолжетімділік. Осы мақсатта бес жыл ішінде 23 учаскелік полиция пункті мен жеті модульдік бекет салу, сондай-ақ қызметтік көлік пен компьютерлік техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта жеті модульдік бекет (Өскеменде бес, Семейде екеу) және бірінші учаскелік полиция пункті іске қосылды. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларына 20 қызметтік автокөлік тапсырылды.

Екінші бағыт-құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы мақсатта ел Президентінің тапсырмасы бойынша учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі заңнамалық түрде нығайтылды, олар үшін негізгі міндет бекітілген әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтардың алдын алу тиіс. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы қылмыс саны 10%-ға (11 773-тен 10 577-ге дейін), оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс 22%-ға (2 968-ден 2 311-ге дейін), тонау 37% – ға (237-ден 150-ге дейін), бұзақылық 15%-ға (248-ден 210-ға дейін) және ұрлық 24%-ға (5 321-ден 4 057-ге дейін) азайды. Бұдан басқа, әкімшілік құқық бұзушылықтар саны азайды.

Үшінші бағыт – халықпен тығыз серіктестік. Ол үшін учаскелік полиция инспекторы тоқсан сайын халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді, онда барлық проблемалық мәселелер талқыланады. Жыл басынан бері олар 1 660 жиын өткізіп, азаматтардан 631 ұсыныс түскен.

Тұсаукесер соңында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов аталған пунктті ШҚО Полиция департаментінің балансына беру туралы сертификатты табыс етті.

Сондай-ақ, сапар барысында Сағат Мадиев қонақтармен бірге Семей қаласының орталық алаңында орналасқан модульдік полиция бекетіне барды, ол барлық қажетті заттармен: жиһазбен, компьютерлік техникамен, байланыс құралдарымен жабдықталған. Модульдік пост форматы азаматтармен тәулік бойы жұмыс жасауды қарастырады. Айта кету керек, модульдік бекеттерді құру “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатынан туындайды және жүгінген кезде жедел, жылдам көмек көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру