Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында комбайнның саймандарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағанды ​​облысында комбайнның саймандарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қарашада Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне ауылшаруашылық кәсіпорнының 40 жастағы басшысы жүгінген. Жәбірленуші хабарлауынша, белгісіз біреу машина ауласына кіріп, комбайнның саймандарын ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша учаскелік полиция инспекторлары күдікті 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол ұрланған бөлігін металл бұйымдарын қабылдау пунктіне тапсырмақ болғанын айтып, кінәсін мойындады. Айғақты зат тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру