Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының басшылығы азаматтарды жеке қабылдады

Павлодар облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары азаматтарға жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция “қадамдық қолжетімділік” қағидатын іске асыру форматында Павлодар облысы өңірлерінің әрбір елді мекенінде Полиция департаментінің басшылығымен азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

22 қарашада азаматтарды жеке қабылдауды Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров жүргізді.

– Құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буыны – учаскелік полиция инспекторларына ауылда басты рөл беріледі. Олардың жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында осы материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін штаттық нығайту, оның ішінде полицияның учаскелік пункттерімен жарақтандыру мәселелерін пысықтау көзделіп отыр, – деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.

Азаматтарды қабылдағанға дейін Ж. Қайыров учаскелік полиция пунктіне, Кемеңгердегі жалпы орта білім беретін мектеп пен колледжге барып, қауіпсіздік, бейнебақылау жүйелерімен, қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету құралдарымен, дабыл түймелерімен, күзет сигнализациясымен және физикалық күзетпен қамтамасыз етілуін көріп шықты.

Колледж директоры Айгүл Байжұманова мекеме бойынша экскурсия өткізді, онда тәртіп сақшысы студенттердің өмірімен және оқу процесімен танысты, әлемдік үрдістерден қалыс қалмайтын бактериологиялық зерттеулер жүргізілетін зертханаға да барды.

– Жоғары аграрлық-техникалық колледжі облыста жалғыз, ол ауылдық жерде орналасқан, оңтүстік өңірлерден келген балаларды “Серпін” бағдарламасы бойынша оқытады. Біздің міндетіміз – тыс жерлерден келген балалардың қауіпсіз болуына барынша күш салу. Оларға біздің өңірде жайлы және тыныш өмір сүру үшін барлық жағдай жасау керек, – деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.

Бұл күні бірінші басшыға қабылдауға көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша жүгінген екі азамат келді. Мәселелер сол жерде шешілді.

Павлодар ауданының “Азаматтарды қабылдау бөлмесіне” апта сайын 8 азамат жүгінетінін айта кету керек. Олардың барлығы кеңес алып, мәселелерін шешеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру